Арыстық спортшылар Ташкенттегі Әлем кубогында бір алтын,қола және екі күміспен оралды

Арыстық спортшылар Ташкенттегі Әлем кубогында бір алтын,қола және екі күміспен оралды,деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Ақпан айының басында Ташкент қаласында армрестлингтен Әлем кубогы өтуде. Бұл байрақты бәсекеге Арыс қаласының спортшылары қатысып, ел намысынт абыроймен қорғады. Олар бір алтын және екі күміс медальды жеңіп алып, өздерінің шеберліктерін тағы бір дәлелдеді.

Атап айтқанда, 50-60 жас аралығындағы ардагерлер арасында Ғалымжан Сапаров алтын медальмен қатар қол жүлдесін де иеленді. Ал Нұрсұлтан Сапаров 80 кг салмақ дәрежесінде екі күміс медальға қол жеткізді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықты қол күрес шеберлерімен бәсекелесіп, жоғары нәтижеге жеткен жерлестерімізге зор жетістіктер мен жеңісті күндер тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар

«Осы тілде сөйле деп мәжбүрлемеу керек». Президент арандатушыларға ескерту жасады

Шымкентте 300 миллион теңге жымқырған үш полицей мен кәсіпкер сотталды

berdaly_oraz

«EL ARNA» телеарнасы жабылып, қызметкерлері «Хабар» агенттігіне орналастырылады

berdaly_oraz

Пікір жазу