ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДАҒЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында рейдтік және профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Бүгін қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ орталық базар аумағында кезекті рейдтік іс-шара өткізді. Рейд барысында тұрғындар мен кәсіпкерлерге өздеріне тиесілі аумақтардың тазалығын тұрақты қамтамасыз ету, сондай-ақ ғимараттардың қасбеттерін талапқа сай күтіп ұстау қажеттігі түсіндіріліп, тиісті ескертулер берілді.

Жыл басынан бері абаттандыру және тазалық талаптарын бұзған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша 118, 505-бабы бойынша 215 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Нәтижесінде қала аумағында тазалық талаптарын бұзуға байланысты барлығы 333 әкімшілік хаттама рәсімделді.

Арнайы жұмысшы топтың рейдтік және профилактикалық шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Құрметті қала тұрғындары! Баршаңызды тазалық талаптарын сақтауға, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастамауға, сондай-ақ туған қаламыздың тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Тазалық – ортақ жауапкершілік. Арыс қаласының көркеюіне бірге үлес қосайық!

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда қайырымдылық қоры 50-ші баспанасын табыстады

Қазақстан мен Өзбекстан «Keruen Express» туристік пойызын іске қосты 

Вице-министр жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді