Түркістан: Жетісайда жаңа өндірістер ашылып, 1200 адам жұмыспен қамтылмақ

 Жетісай ауданы индустриялық дамудың жаңа кезеңіне қадам басуда. Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров тапсырмасына сәйкес, өңірде жұмыссыздықты азайту және экономикалық әлеуетті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Аудан аумағында арнайы индустриялды аймақ құрылып, өндірістік парк ашу қолға алынған. Бұл – жаңа жұмыс орындарын құру мен инвестиция тартудың тиімді тетігіне айналып отыр.

Биыл аудан әкімдігі инвесторлармен жүргізген келіссөздер нәтижесінде нақты жобалар пулы қалыптасты. Атап айтқанда:
– индустриялды аймақта жалпы құны 31,2 млрд теңгені құрайтын 9 жоба;
– өндірістік паркте 210 млн теңгелік 5 өндіріс орны іске қосылады.

 Осы жобаларды жүзеге асыру арқылы 1200-ге жуық тұрғынды тұрақты жұмыспен қамту көзделіп отыр.

 Жуырда аудан әкімі Серік Мамытов төрағалығымен инвестициялық штаб отырысы өтіп, онда жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған жобалардың өзекті мәселелері қаралды.

 Онлайн және офлайн форматта өткен жиында инвесторлар мен жауапты сала басшылары өндірістік жобалардың негізгі бағыттарын талқылап, оларды кезең-кезеңімен іске асыру жолдарын қарастырды.

Аудан басшысы инвестиция тарту – өңірдің тұрақты дамуының басты кепілі екенін атап өтіп, ұсынылған жобаларды жүзеге асыруға қажетті барлық қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.

 Жетісайдағы бұл бастамалар тек жаңа өндірістердің ашылуына ғана емес, жалпы өңір экономикасының дамуына серпін беретін маңызды қадам болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: Қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Redaktor Arysinfo

«Бір күндік әкім орынбасары» Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалған Әсет Шопанов,ертеңіне орнын босатты

berdaly_oraz

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ 21 МАМЫРДАН БАСТАЛАДЫ

berdaly_oraz