ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАҢҒАЖАЙЫП ЖОБА: ХАНТАҒЫДА ЖАҢА ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ САЛЫНУДА

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Түркістан облысында туризм саласын дамыту бағытында жаңа ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылындағы тау бөктерінде заманауи капсулалық демалыс орындарының құрылысы жүргізілуде.

Қазіргі таңда «Хантау» демалыс аймағының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жобаның негізгі мақсаты – туристерге жайлы жағдай жасап, өңірдің туристік тартымдылығын арттыру. Жалпы құны шамамен 1 миллиард теңгені құрайтын бастама аймақтың туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Жоспарға сәйкес, демалыс аймағы бір мезетте 200-ден астам келушіні қабылдай алады. Сонымен қатар, ай сайын 20 мыңға жуық туристке қызмет көрсету көзделген. Бұл өз кезегінде ішкі және кіру туризмін дамытуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Инвестор тарапынан инфрақұрылымды жетілдіруге де ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, су үстінен көпір салынып, 6 шақырымға дейін электр желілері тартылған. Мұндай жұмыстар болашақта осы аумақта кәсіп бастауға ниетті азаматтарға қолайлы жағдай жасап, жаңа жобалардың жүзеге асуына жол ашады.

Табиғаты көркем Хантағыдағы бұл демалыс аймағы алдағы уақытта өңір тұрғындары мен қонақтарына сапалы тынығу мүмкіндігін ұсынып, Түркістан облысындағы туризмнің жаңа орталықтарының біріне айналуы күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда суретшілердің халықаралық симпозиумы өтті

Альфия Адамбек

Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсті

Шымкентте мас күйдегі жасөспірімдер пойыз вагонына мінуге ұмтылды

berdaly_oraz