РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «TURAN DANCE» КӘСІБИ БИ ҰЖЫМДАРЫ БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Екі күнге созылған республикалық «Turan Dance» кәсіби би ұжымдары арасындағы байқау өз мәресіне жетті. Ауқымды өнер сайысы еліміздің түкпір-түкпірінен келген шығармашылық ұжымдардың басын қосып, би өнерінің дамуына серпін берді.

Байқаудың негізгі мақсаты – кәсіби би өнерін дамыту, шығармашылық ұжымдардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау, ұлттық және заманауи би мәдениетін насихаттау, сондай-ақ талантты өнер ұжымдарын қолдау.

Байқаудың екінші кезеңінде заманауи би бағыты бойынша үздік ұжымдар сахнаға шығып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар халық биі мен заманауи би жанрларында өнер көрсетіп, жоғары деңгейдегі кәсіби шеберліктері мен шығармашылық ізденістерін танытты.

Қазылар алқасының құрамында Александр Викторович Ли, Анна Цой және жоба авторы, бас продюсер Мейіржан Алиакбаров болды. Олар әрбір қойылымға кәсіби тұрғыда әділ баға берді.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде Түркістан қаласының «Би Сұлтан» би ансамбліне бұйырды. І орынды Атырау қаласының «TOP DANCE KZ» ұжымы иеленсе, ІІ орын Түркістан музыкалық-драма театрына табысталды. ІІІ орындар Шымкент қаласының «Шаттық» және Түркістан облысының «Алтын тамыр» би ұжымдарына берілді.

Сонымен қатар арнайы жүлделер «ALEM», «Шалқыма», «Ұлы Дала Қыздары» және «F-Crew» би топтарына табысталды.

Республикалық «Turan Dance» байқауы кәсіби хореография саласындағы маңызды мәдени алаң ретінде ұлттық және заманауи би өнерінің өркендеуіне ықпал етіп, талантты ұжымдардың шығармашылық әлеуетін танытуға кең мүмкіндік жасады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Ордабасыда реновациядан өтіп жатқан мектептер қадағаланады

Жетісайда «Таза Қазақстан» аясындағы сенбілік жалғасын тапты

berdaly_oraz

Республика күні қарсаңында Ақдала ауылында жаңа спорт кешені ашылды

berdaly_oraz