БАӘ — ӘУЕ ҚАТЫНАСЫН ТОЛЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ

Біріккен Араб Әмірліктері өз әуе кеңістігін толықтай қайта ашты. Елдің азаматтық авиация басқармасы әуе қозғалысы қалыпты режимге көшкенін хабарлап, бұған дейін енгізілген қауіпсіздік шараларының күші жойылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кеңістігі тұрақты бақылауда болатыны айтылды.

Айта кетейік, 8 сәуірде атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен бері ел аумағында зымыран немесе дрон шабуылдары тіркелмеген. Осыдан кейін әуе компаниялары рейстерін кезең-кезеңімен қайта іске қоса бастады. Атап айтқанда, Emirates ұшу көлемін соғысқа дейінгі көрсеткіштің шамамен 80 пайызына дейін жеткізген. Сондай- ақ өңірге рейстерін уақытша тоқтатқан бірқатар халықаралық тасымалдаушылар да жұмысын қайта жандандырып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Түлкібаста заманауи балалар ойын алаңшасы ел игілігіне пайдалануға берілді

Арыс қаласында газдандыру қарқынды жүргізілуде

berdaly_oraz

КІТАППЕН ДОСТАСҚАН ІҢКӘР: АРЫСТЫҚ ЖАС ОҚЫРМАН ОБЛЫСТА ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

Redaktor Arysinfo