ОРАНҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

Дереккөз, фото: Сауран ауд әкімдігі

Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінде жалпыауылдық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған шара еліміз бойынша жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтті.

Игі іске ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және жастар белсенді түрде қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Жалпы саны 1000-ға жуық адам жұмылдырылып, ауыл аумағындағы қоғамдық орындар, көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасы қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 23 бірлік арнайы техника тартылды.

Тазалық шарасы барысында жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылып, жол жиектері мен арық-атыздар тазаланды. Сондай-ақ, жасыл аймақтар ретке келтіріліп, елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартуға басымдық берілді.

Жалпы, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, аудан көлеміндегі барлық елді мекендерді қамтитын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев мен Ухнаагийн Хурэлсух шағын құрамда келіссөз жүргізді

Монтайтас ауылдық округінің әкімі болып Ербол Ахметов қайта сайланды

berdaly_oraz

Түркістанда алғаш рет мектеп психологтарына арналған облыстық конференция өтті