ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Дереккөз, фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Түркістан қаласында жол қозғалысын реттеу және қауіпсіздікті арттыру мақсатында жол белгілері мен сызықтарын жаңарту жұмыстары қолға алынды. Жоспарға сәйкес, қала аумағындағы 26 көшеде жолақтарды бөлу, жаяу жүргіншілер өткелдерін белгілеу және жол таңбаларын жаңарту көзделген.

Аталған жұмыстар Б.Саттарханов даңғылы, 9 және 11 көшелер, Шымкент тас жолы және басқа да маңызды бағыттарды қамтиды.

Қазіргі таңда Б.Саттарханов даңғылы, Байбұрт көшесі және «Керуен сарай» туристік кешені маңында жаяу жүргіншілер өткелдерін сызу жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарланған жұмыстарды мамыр айының соңына дейін толық аяқтау көзделіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ АҚШ-ТЫҢ СЛОВЕНИЯДАҒЫ ЕЛШІСІ АТАНДЫ

Redaktor Arysinfo

Арыста заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға тосқауыл қойылды

Нұралхан Көшеров бастаған Түркістан облысының делегациясы Қытайға жұмыс сапарымен барды