Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі
Түркістан облысында халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру және спортқа қолжетімділікті арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген міндеттердің өңірде кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқанын көрсетеді.
Осы бағыттағы игі бастамалардың бірі Сарыағаш ауданына қарасты Таскескен елді мекенінде іске асырылды. Мұнда кіші футбол және workout алаңшасы пайдалануға берілді. Спорт нысанының ашылу рәсіміне аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, тұрғындарды жаңа алаңшаның іске қосылуымен құттықтады. Сонымен қатар шараға аудандық мәслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Жаңа спорт алаңшасы аудандық бюджет есебінен салынып, «AIN Development» ЖШС тарапынан жүзеге асырылған. Нысан кіші футбол алаңымен қатар, заманауи workout құрылғыларымен жабдықталған.
Аталған алаңша ауыл тұрғындарына бос уақытын тиімді өткізуге, тұрақты түрде спортпен айналысуға және түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
