«Тұран» сенімді жеңіспен екінші орынға көтерілді

Түркістандық Тұран бірінші лиганың бесінші турында сырт алаңда Астана жастары командасын 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Осылайша команда турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Кездесу барысында түркістандық клуб ойын тізгінін өз қолында ұстап, әсіресе екінші таймда шабуылда белсенділік танытты. Есеп 50-минутта ашылды. Матвей Герасимов қарсылас қақпасын дәл көздеп, «Тұранды» алға шығарды. Матчтың соңғы минуттарында қонақтар басымдығын толық дәлелдеді. Алдымен 90+1-минутта Марлен Айманов есеп айырмасын ұлғайтса, араға екі минут салып Руслан Валиуллин үшінші голды соғып, ойынға нүкте қойды.

Бұл жеңіс «Тұран» үшін турнирлік кестедегі жағдайды жақсартып қана қоймай, команданың психологиялық сенімін де нығайтты. Қазіргі таңда клубтың еншісінде 12 ұпай бар.

Айта кетейік, биыл клуб құрамында елеулі өзгерістер жасалды. Команда тәжірибелі әрі сапалы ойыншылармен толықты. Бас бапкер қызметіне қазақстандық футболға жақсы таныс маман Виктор Кумыков тағайындалды. Сонымен қатар клуб жаңа инвестор – Ordabasy Group холдингінің басқаруына өтті. Жаңа инвестор инфрақұрылымды жаңғыртуға, жастар футболын дамытуға және клубтың ұзақ мерзімді дамуына басымдық беріп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда соңғы қоңырау уақыты өзгерді

Банктік депозит: кірістілік пен қауіпсіздік теңгерімділігі

berdaly_oraz

 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШІРКЕЙЛЕРГЕ ҚАРСЫ ДЕЗИНСЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛІП, ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ