АРЫС ОҚУШЫЛАРЫ ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ДӘРІПТЕГЕН БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Түркістан қаласында өткен «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» атты облыстық байқауда Арыс қаласының оқушылары жоғары деңгейдегі өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Бұл байқау эпостық жырлар мен қисса-дастандарды жатқа айтуға арналған болып, оған өңірдің барлық аудан-қалаларынан дарынды балалар мен жасөспірімдер қатысты.

Шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының бай рухани мұрасын дәріптеу, батырлар ерлігін жас ұрпаққа насихаттау және ауыз әдебиетін кеңінен таныту. Қатысушылар қазақтың батырлық жырларын мәнерлеп орындап, ұлттық өнердің құндылығын жоғары деңгейде көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша Арыс қаласының намысын қорғаған оқушылар үздік нәтиже көрсетті. Айдар Көркем «Батыр Баян» поэмасын жатқа айтып, Бас жүлдені жеңіп алып, 500 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақымен марапатталды. Ал Әбибулла Іңкәр ІІ орын иеленіп, 300 мың теңге сыйақыға, арнайы статуэтка мен дипломға ие болды.

Бұл жетістік – ұстаздардың еңбегі мен оқушылардың талантының нәтижесі. Арыстық жас дарындардың жеңісі өңірдің білім мен мәдениет саласындағы дамуын айқын көрсетеді. Алдағы уақытта да олар биік белестерді бағындырады деген сенім мол.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласының әкімі халықаралық және республикалық жарыстарда топ жарған жергілікті спортшылармен кездесіп,құттықтады

berdaly_oraz

Түркістан: Сарыағашта коммуналдық сала өкілдеріне жаңа техникалар тапсырылды

Шымкентте 6 жасар бала кәріз суына батып қайтыс болды

berdaly_oraz