БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ ҮЗДІК МАМАН АТАНДЫ

Дереккөз, фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Астана қаласында өткен «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық зерттеу орталығы ұйымдастырған байқауда Шымкент қалалық Белсенді ұзақ өмір орталығының жоғары санатты дәрігер-терапевті Сәуле Нұржанова «Жылдың үздік маманы» номинациясы бойынша марапатталды.

Сәуле Орынтайқызы медицина саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Ол еңбек жолын Шымкент қалалық №2 ауруханасында бастап, кейін физиотерапия бөлімін басқару арқылы сала дамуына өз үлесін қосты. Қазіргі таңда Белсенді ұзақ өмір орталығында қызмет атқарып, зейнеткерлердің денсаулығын нығайту бағытында жұмыс жүргізіп келеді.

Әріптестері арасында біліктілігімен және жауапкершілігімен танылған маман қызмет алушылардың денсаулығын бақылап, емдік-сауықтыру шараларын ұйымдастыруға белсенді атсалысып жүр.

Сәуле Нұржанованың медицина саласындағы көпжылдық еңбегі мен кәсібіне деген адалдығы жоғары бағаланып, бұл марапат оның абыройлы қызметінің нәтижесі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтік осал топтарға жалдамалы тұрғын үй арзандайды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АУСТРАЛИЯЛЫҚ ӘДІС БОЙЫНША 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ІРІ ҚАРАНЫ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНУДА

Redaktor Arysinfo

Арыстық бишілер халықаралық байқауда бас жүлде иеленіп, Стамбулға жолдама ұтты