ҚАЗЫҒҰРТТА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАРЫ НАЗАРДА

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жоспарлы жұмыс сапары аясында Қызылқия ауылдық округіне қарасты Айнатас елді мекенінде салынып жатқан (ФАП) құрылыс барысын тексерді. Аталған нысанның уақытылы әрі сапалы аяқталуы ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аудан басшысы құрылыс қарқынына ерекше мән беріп, мердігер мекемелерге нақты міндеттер жүктеді.

Бұдан бөлек, Қызылқия елді мекеніндегі Тоқтамысов және Ақтілек көшелеріне жүргізіліп жатқан жарықтандыру жұмыстары да бақылауда. Бұл жоба ауыл ішіндегі қауіпсіздік пен тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

Сонымен қатар, аудан әкімі өндірістік парк аумағында болып, құрылыс жұмыстарының қазіргі жағдайымен танысты. Оның айтуынша, жоба толық іске асқанда ауданның өндірістік мүмкіндігі артып, жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлік дамуына серпін береді.

Ұқсас жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды

berdaly_oraz

Арыста кешегі айтулы мереке ерекше аталып өтті

Делдалсыз сауда – халыққа тиімді ме? Түркістандағы жәрмеңке бағаны төмендетуге ықпал етті

Redaktor Arysinfo