ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТАЛАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысында жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі артып, күрделі оталардың саны көбейіп келеді. Жыл басынан бері өңірде ондаған жоғары технологиялық операция жасалып, жүздеген миллион теңге қаржы бөлінген.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы төрт айында 98 жоғары технологиялық ота жасалған. Бұл мақсатқа 469 млн теңге жұмсалды.

Қазіргі таңда өңірде кардиохирургия, нейрохирургия, урология, онкология және травматология бағыттары бойынша күрделі операциялар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, мұндай оталардың орташа құны 4,7 млн теңгені құрайды.

Филиал директоры Бақыт Торғайбайұлы медициналық көмектің сапасы жыл сайын жақсарып келе жатқанын айтты.

– Бүгінде облыста жүрек пен қан тамырлары ауруларын, жүйке жүйесі дерттерін емдеуге арналған заманауи операциялар жасалады. Сонымен қатар нәрестелердің туа біткен ақауларын түзетуге мүмкіндік бар, – деді ол.

Төрт ай ішінде өңірде 21 кардиохирургиялық және 32 нейрохирургиялық операция жасалған. Сондай-ақ бүйрек пен бауыр трансплантациялары да сәтті жүргізілген.

Мамандардың айтуынша, аталған қызметтердің барлығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қаржыландырылады. Соның арқасында қымбат әрі күрделі оталар халық үшін тегін әрі қолжетімді болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық делегация мен ҚХР компаниялары арасында бірқатар серіктестік кездесулер өтті

Шымкенттегі “ZIMA” түнгі клубы заң бұзушылықтар үшін жабылуы мүмкін

berdaly_oraz

Түркістанда ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды

berdaly_oraz