ҚАЗАҚСТАНДА «ALTYN ORDA» КОЛЛЕКЦИЯЛЫҚ МОНЕТАСЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАДЫ

Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы аясында «ALTYN ORDA» коллекциялық монетасын айналымға шығарады.

Жаңа монета алтын жалатылған 925 сынамалы күмістен дайындалған. Оның массасы – 62,2 грамм, диаметрі – 50 мм. Монета «proof» сапасымен шығарылып, номиналы 2 000 теңгені құрайды. Таралымы небәрі 1 000 дана болады.

Алтын Орда – XIII-XV ғасырларда Еуразия кеңістігінің саяси, экономикалық және мәдени дамуына зор ықпал еткен ірі мемлекеттердің бірі. Ол Шығыс пен Батысты байланыстырып, Ұлы Жібек жолы бойындағы халықаралық сауданың дамуына серпін берген.

Ұлттық Банк мәліметінше, коллекциялық монетаны шығару тарихи жадыны сақтау, мәдени мұраны дәріптеу және мемлекеттілік тарихындағы маңызды кезеңдерді насихаттау мақсатында қолға алынған.

Сондай-ақ монетаны Қазақстан аумағында белгіленген құны бойынша төлемнің барлық түріне қабылдауға, банктік шоттарға салуға, аударуға, айырбастауға және ұсақтауға болады.

Монетаның сатылымға нақты қашан шығатыны туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша жарияланады.

Ұқсас жаңалықтар

«Таза Қазақстан» акциясы: Сарыағашта жастар тазалық жұмыстарына белсене қатысты

berdaly_oraz

АРЫСТА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Redaktor Arysinfo

Түркістанда “Серпін” бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды