ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 130-ДАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

Дереккөз, фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде дәстүрлі азаматтарды қабылдау өтті. Қала тұрғындары энергетика, жер қатынастары, заңсыз құрылыс, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағыттары бойынша өзекті мәселелерін көтерді.

Қабылдау барысында қала әкімі, басқарма басшылары мен аудан әкімдері 130-дан астам азаматтың өтінішін тыңдап, әр мәселе бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер жауапты сала мамандарына жолданып, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Айта кетейік, қабылдау барысында түскен барлық өтініштер тіркеліп, заңнамаға сәйкес қаралатын болады. Әр азаматқа белгіленген мерзімде жауап беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында тұрғындар өз ұсыныс-өтініштерін жеткізді

berdaly_oraz

Түркістан қаласы ерекше мәртебеге сай дамиды

berdaly_oraz

АУЫЛ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА КҮШ САЛАМЫН

Redaktor Arysinfo