Тоқаев пен Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітпен танысты

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Түркістан қаласында бой көтерген жаңа мешітті аралап көрді.

Мешіт Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық пен рухани ынтымақтастықтың белгісі ретінде салынған. Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылып, қонақтар мешіттің сәулетімен және ішкі құрылымымен танысты.

Жаңа мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен Қазақстан халқына жасаған тартуы ретінде бой көтерген. Ғимаратта дәстүрлі ислам сәулетінің элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлестірілген. Қасбеті мен ішкі бөліктері ұлттық ою-өрнектермен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мешіт мұнараларының биіктігі 61 метрді құрайды.

Сонымен қатар ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Аумағында жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары мен субұрқақтар қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қаласындағы «Көктем» базары ресми құжаттардың болмауына байланысты жабылғалы жатыр

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ӘР ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

berdaly_oraz

Шымкентте Антикор экс-басшысының орынбасары 11 жылға сотталды

berdaly_oraz