Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі
2026 жылғы 16 мамыр күні Түркістан қаласында Қазақстандағы жауын-шашынды жасанды түрде шақыру жобасының салтанатты іске қосылу рәсімі өтеді. Бұл – Орталық Азия аумағындағы осындай бағыттағы алғашқы ауқымды жобалардың бірі.
Жоба аясында бұлттарды себу технологиялары қолданылып, жауын-шашын көлемін арттыру, су қоймаларын толықтыру және климаттық өзгерістерге бейімделген заманауи шешімдерді дамыту көзделіп отыр.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, дипломатиялық корпус мүшелері, сондай-ақ метеорология және климаттық технологиялар саласының жетекші сарапшылары қатысады деп жоспарланған.
Бағдарлама барысында жобаның ресми таныстырылымы өтіп, қолданылатын технологиялық шешімдер мен арнайы техникалардың жұмысы көрсетіледі.
📍 Өтетін орны: Конгресс-холл
📅 Күні: 2026 жылғы 16 мамыр
🕒 Уақыты: 15:00
📞 БАҚ өкілдерін аккредитациялау бойынша байланыс: +7 705 657 81 81 (Ляззат)
