ТАСТЫДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ТОЙ – ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ, БІРЛІККЕ ҰЙЫТҚЫ

Дереккөз, фото: Созақ ауд әкімдігі

Тасты ауылында елдік пен бірліктің жарқын көрінісіне айналған мерейтойлық шара өтуде. Ауылдың құрылғанына 80 жыл толуына арналған тағылымды жиынға ауыл тұрғындары, ел ағалары, түрлі өңірлерден келген қонақтар және туған жерден түлеп ұшқан азаматтар жиналды. Мерекелік көңіл күйге бөленген ауылда ақжарма тілектер айтылып, ұлттық рух дәріптелуде.

Салтанатты жиында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды мерейтоймен құттықтап, Тасты ауылының тарихы мен оның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтардың еңбегіне тоқталды. Сонымен қатар, ауыл тойының жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қолдау білдірген азамат Махат Төрәліне Түркістан облысы әкімінің «Ерен еңбегі үшін» арнайы төсбелгісі табысталды.

Мерекелік шара барысында Болат Жанабіл облыс әкімінің құттықтау хатын жеткізіп, ауыл тұрғындарына ізгі тілегін арнады.

Той аясында ұлттық құндылықтарды насихаттайтын бірқатар мазмұнды шаралар ұйымдастырылуда. Боз кілемде балуандар белдесіп, өнер сахнасында ән мен күй әуелеп, мерекенің ажарын аша түсті. Сонымен қатар, алдағы уақытта ұлттық рухты ұлықтайтын бәйге мен ақындар айтысы өтпек.

Тағылымды шара ауыл тарихын ұлықтап қана қоймай, елдің ынтымағы мен туған жерге деген құрметін айшықтай түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасыда шетелдік дәрігер шеберлік сағатын өткізді

berdaly_oraz

Цифрлық теңге «алдау құралы» ретінде: алаяқтардың жаңа схемасы

berdaly_oraz

ҰСТАЗДАР СЫНҒА ТҮСКЕН ТАРТЫСТЫ ДОДА

berdaly_oraz