ОРДАБАСЫ: ТЕМІРЛАНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Дереккөз, фото: Ордабасы ауд әкімдігі

Ордабасы ауданында тазалық пен абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Соның аясында апта сайын ұйымдастырылатын сенбіліктер елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартып, айналаның көркеюіне оң ықпал етуде.

Бүгін аудан орталығы Темірлан ауылындағы орталық Қажымұқан көшесінің бойында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке мекеме қызметкерлері, жастар, ауыл тұрғындары мен белсенді азаматтар қатысып, ортақ іске жұмыла атсалысты.

Тазалық шарасы барысында көше бойындағы сәндік ағаштардың түптері әктеліп, артық бұталары қырқылды. Сонымен қатар, латоктар мен аяқ су арналары тазартылып, көше маңы ретке келтірілді.

Мұндай игі бастамалар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, ауданның тазалығы мен көркеюіне үлес қосуда.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР! ҚҰРЫЛЫС САЛУДА ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ҚАЖЕТ ЕКЕНІ АЙТЫЛДЫ

berdaly_oraz

Түркістан облысында ауыл оқушысы әлемнің 40-қа жуық университетінен шақырту алды

Қазақстанда оқушылардың жалған террорлық хабарламалар тарату деректері тіркелді