Ел мерейін үстем етті: қазақстандық оқушылар философия олимпиадасынан марапатпен оралды

Қазақстандық оқушылар халықаралық философия олимпиадасында алғаш рет марапат алды

14–17 мамыр аралығында Warsaw қаласында 10-11 сынып оқушылары арасында өткен Халықаралық философия олимпиадасында қазақстандық оқушылар тарихи жетістікке қол жеткізді.

Биылғы білім додасына әлемнің 50-ден астам елінен 118 оқушы қатысып, философиялық эссе жазу бойынша бақ сынады.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері құрмет грамоталарымен марапатталды. Атап айтқанда, Евгения Шатохина мен Сәкен Заңғар ел намысын абыроймен қорғады.

Айта кетейік, қазақстандық оқушылар бұл олимпиада тарихында алғаш рет марапатқа ие болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда рухани білімнің жаңа легі қалыптасты: алғашқы түлектерге куәлік табысталды

Альфия Адамбек

Ордабасыда заманауи ауыл шаруашылығы техникаларының фестивалі өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА 2,6 ТРЛН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛГЕН

berdaly_oraz