ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Дереккөз, фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Астана қаласында өткен «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде шымкенттік оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Білім мен өнер сайысында Тәуке хан атындағы №85 мектеп оқушысы Бекарыс Рүстем білім бәйгесінде ІІ орын иеленді.

Сонымен қатар, С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицей оқушысы Батырхан Байданов «Әнші бұлбұлдар» номинациясында ІІІ орын алды. Ал Білім-инновация №1 лицей-интернаты оқушысы Мадияр Жүнісов сөз шеберлері арасында ІІІ орынға ие болды.

Олимпиада барысында өнерімен ерекшеленген Батырхан Байдановқа Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ішкі білім гранты табысталды.

Шымкенттік оқушылардың жетістігі олардың білім мен шығармашылық бағытындағы дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Бәйдібек ауданы аумағында интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Redaktor Arysinfo

Нұралхан Көшеров Келес ауданы тұрғындарымен кездесті

berdaly_oraz

ЕРТЕҢ СЫРДАРИЯ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ АПАРАТЫН ТЕМІРЖОЛ АСТЫ ӨТКЕЛІ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ

berdaly_oraz