ЕРТЕҢ СЫРДАРИЯ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ АПАРАТЫН ТЕМІРЖОЛ АСТЫ ӨТКЕЛІ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ

Дереккөз, фото: Арыс қаласы әкімдігі

Құрметті тұрғындар мен қала қонақтары!

Арыс жол дистанциясы мекемесінің хатына сәйкес, 2026 жылғы 5 мамыр күні Сырдария елді мекеніне апаратын теміржол өткелінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты, халық арасында «Тесік көпір» аталып кеткен, Арыс қаласы мен Сырдария елді мекенін жалғайтын жол учаскесі уақытша жабылады.

🕘 Жабылу уақыты: сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін.

Жөндеу жұмыстары кезеңінде аталған бағытта көлік қозғалысы шектеледі.

Тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Ақпаратты жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» командасының ойыншыларына заңсыз бонус берілген

ӨҢІРДЕ ПАВЛОНИЯ ӨСІРУ АРҚЫЛЫ ЖАСЫЛ АЙМАҚТАР ҰЛҒАЮДА

Redaktor Arysinfo

Түркістанда түркі елдерінің цифрлық даму мәселесіне арналған бейресми саммиті өтеді

berdaly_oraz