АРЫСТА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Дереккөз, фото: Арыс қаласы әкімдігі

Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтановтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиында жазғы демалыс кезеңінде мектеп оқушыларын сауықтыру лагерьлерімен қамту, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шомылу маусымындағы судағы қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Әшімхан Момбеков баяндама жасап, оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және сауықтыру лагерьлеріне тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Ал екінші мәселе бойынша Әбдімәлік Дінмұхаммед жазғы шомылу маусымында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шаралары жөнінде баяндады.

Отырыста комиссия мүшелері кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін күшейту, профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу және жазғы кезеңде бақылауды арттыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған Алмаз Сұлтанов жауапты мекемелерге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, аталған мәселелерді тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ ХАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСЫНА БЕРІЛДІ

berdaly_oraz

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАЙСАР МАҢҚАРАЕВ ДЕРМЕНЕ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: Қазақстан өкілі Азия ойындарында төреші болады

berdaly_oraz