Димаш Құдайберген Бангладешке БҰҰ ізгі ниет елшісі ретінде барды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген гуманитарлық миссия аясында Бангладештің Кокс-Базар қаласына барды. Бұл аймақ – қоныс аударуға мәжбүр болған адамдар ең көп шоғырланған өңірлердің бірі саналады.

Ресми мәліметке сәйкес, сапар барысында Халықаралық көші-қон ұйымының гуманитарлық бастамаларымен танысуға арналған кездесулер мен іс-шаралар өтеді. Сонымен қатар халықаралық қауымдастықтың назарын гуманитарлық көмек пен тұрақты даму мәселелеріне аудару көзделген.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 2024 жылдың ақпан айында БҰҰ-ның тоғыз ізгі ниет елшісінің бірі болып тағайындалған.

Халықаралық көші-қон ұйымы – көші-қон мәселелерімен айналысатын жетекші халықаралық ұйымдардың бірі.

Ұқсас жаңалықтар

Нұралхан Көшеров «Woosong» білім беру қорының құрметті төрағасымен кездесті

Арыс қаласында №17 колледжде «Заң және тәртіп» атты құқықтық кездесу өтті

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Созақ ауданында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті