ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ-МӘДЕНИ НЫСАНДАР ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Дереккөз:Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан өңіріндегі бірқатар маңызды тарихи-мәдени нысандарда цифрландыру жұмыстары жүргізіліп, қызмет көрсету мен есеп жүргізу үдерістері заманауи форматқа енгізілуде.

Қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан баб, Қарахан және Айша бибі кесенелері мен Отырар қалашығында жаңа цифрлық жүйе іске қосылған. Бұл жүйе арқылы билет сату мен келушілерді тіркеу толық автоматтандырылып, есеп жүргізудің ашықтығы мен тиімділігі артты.

Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талаптың мәліметінше, жыл соңына дейін QR билет жүйесін еліміздегі өзге де музейлер мен мәдени нысандарға енгізу жоспарлануда.

Бұл бастама тарихи мұраны сақтау ісін жетілдіріп қана қоймай, мәдени туризмді дамытуға және келушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Облыста биыл 16 жайлы мектеп пайдалануға беріледі

Түркістаннан Абай облысына керуен аттанды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Redaktor Arysinfo