КЕНИЯ АСТАНАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІЛІГІ АШЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев Кения Президенті Уильям Рутонымен шағын және кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында Президент Найробидің Африкадағы маңызды халықаралық орталық екенін атап өтіп, Қазақстанның осы қалада елшілік ашу туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

Өз кезегінде Уильям Руто Кения Қазақстанды сауда мен инвестицияны дамытуға қолайлы стратегиялық логистикалық хаб ретінде қарастыратынын айтты. Сондай– ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін Еуразия нарығына Қазақстан арқылы экспорттауға мүдделі екенін жеткізді.

Тараптар сауда, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, тау- кен өндірісі, жаңартылатын энергия, IT, электронды үкімет, ғарыш, қаржы және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар екі ел басшылары білім беру, мәдени– гуманитарлық байланыстарды нығайту, жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті дамыту және биоалуантүрлілікті сақтау бағытында тәжірибе алмасу маңызды екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстанда 600-ге жуық блогер табысын жасырғаны анықталды

berdaly_oraz

Абай елінде Түркістан облысының мәдениет күндері басталды