МҰҒАЛІМГЕ ГҮЛ СЫЙЛАУДЫ МӘСЕЛЕГЕ АЙНАЛДЫРУ ОРЫНСЫЗ -АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда мұғалімдерге мәжбүрлі түрде сыйлық жинау заңға қайшы екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол ұстаздарға гүл сыйлап, алғыс білдіруді үлкен мәселеге айналдыру орынсыз екенін айтып, көлік немесе пәтер сыйлау жаппай құбылыс емес екенін жеткізіп, бұл тақырыпты әсірелемеуге шақырды.

“Мұғалімдерге жаппай көлік не пәтер сыйлап жатыр дегенді көріп отырған жоқпын. Сондықтан мұны үлкен проблема ретінде көрсетудің қаншалықты дұрыс екенін айту қиын”, деді депутат.

Оның айтуынша, заңға сәйкес мұғалімдерге сыйлық алу үшін ата-аналардан ақша жинауға болмайды, бұл талап министрлік бұйрығында да бекітілген.

“Ешкім ата-аналарды мұғалімге сыйлық беруге міндеттей алмайды. Бірақ кейбір ата-аналар символикалық түрде гүл сыйлап, ашықхат беріп, алғыс айтып жатады. Мұны да “сыйлық” деп қабылдауға болады. Егер “гүл сыйламаңдар, рақмет айтпаңдар» десек, онда қоғам қайда барады?» деді Аймағамбетов.

Депутат ұстаз еңбегін құрметтеп, 1 қыркүйекте гүл сыйлаудан еш мәселе көрмейтінін айтты. Сондай-ақ ата-аналар чаттарында ақша жинау бастамасы көбіне ата-аналардың өзінен шығатынын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Облыста биыл 16 жайлы мектеп пайдалануға беріледі

Өңір жаңалықтары: Келес ауданында зиянкестерге қарсы дайындық жұмыстары пысықталды

Өңірлік жаңалық: Төлебиде мемлекеттік қызметшілер 18 шақырым өзен бойын тазалады

Альфия Адамбек