Атырау әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Атырау әуежайында «Бекіре-2026» операциясы аясында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Бұл туралы Аrysinfo.kz AtyrauPress сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайда Көліктегі полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жедел әрекет ету арнайы жасағымен бірлесіп қоғамдық тәртіп пен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Профилактикалық жұмыстар аясында азаматтарға ұрлықтың алдын алу шаралары, жеке заттарға мұқият болу қажеттігі және бөтен мүлікке қол сұқпау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ балық ресурстарына қарсы қылмыстық әрекеттермен күрес бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында өтетін «Бекіре-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Оның мақсаты — балықты заңсыз тасымалдау мен айналымының алдын алу және жолын кесу.

Жолаушыларға заңсыз суық қаруды тасымалдауға тыйым салынатыны да ескертілуде. Егер мұндай заттар құқық бұзушылық анықталғанға дейін ерікті түрде тапсырылса, азаматтар жауапкершіліктен босатылады.

Ұқсас жаңалықтар

В Институте экономических исследований обсудили экономические аспекты Конституционной реформы

Redaktor Arysinfo

Өңір жаңалығы: Шардара ауданының құрылғанына — 60 жыл

Түркістанда жол құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр