КЕЛЕСТЕ «МУЗА» СПЕКТАКЛІ САХНАЛАНДЫ

Дереккөз, фото: Келес ауд әкімдігі

Келес ауданында Қазақ театрының 100 жылдығына және қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған мәдени кеш өтті. Ә.Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Келес» халықтық театры көрермендерге жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Муза» поэзиялық-психологиялық драмасын ұсынды.

Мәдени шараға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев қатысып, театр ұжымының шығармашылық еңбегіне оң бағасын берді. Сонымен қатар кешке зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аналар мен әжелер кеңесінің мүшелері, ақсақалдар, ұстаздар және аудан тұрғындары қатысты.

Спектакль барысында ақын жанының толғанысы, өнер мен өмірдің байланысы, шығармашылықтағы шабыт пен сезім тақырыптары сахна арқылы әсерлі жеткізілді. Театр әртістерінің актерлік шеберлігі мен сахналық үйлесімі көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.

Кеш соңында тұрғындар театр ұжымына ризашылықтарын білдіріп, ұлттық руханият пен мәдениетті дәріптейтін мұндай шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ҮНДЕУ ЖАСАП, ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ШАҚЫРДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысына тәжірибе алмасу үшін Ақтөбе облысының делегациясы келді

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Redaktor Arysinfo