ОРДАБАСЫДА «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

Дереккөз, фото: Ордабасы ауд әкімдігі

Ордабасы ауданында ұлттық өнер мен руханиятты насихаттауға бағытталған «Халық әуені» мәдени жобасы аясында тағылымды кеш өтті. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Қазақстан Халық банкінің демеушілігімен ұйымдастырылды.

Рухани шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптеу, ұлттық өнерді кеңінен насихаттау және өңір тұрғындарының рухани сұранысын қанағаттандыру.

Кешке Қазақстанның халық әртісі, белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев бастаған өнерпаздар қатысты. Қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз Темірлан ауылындағы «Этно ауылда» қарсы алып, қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетті.

Бағдарлама аясында өнерпаздар Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесіне барып, құран бағыштап, музей жұмысымен танысты.

Мерекелік кеш аудандық мәдениет үйінде жалғасып, қазақтың дәстүрлі әндері мен көпшілікке кеңінен танымал шығармалар орындалды. Көрермендер өнерпаздардың өнерін зор ықыласпен қабылдап, рухани кеш жоғары деңгейде өтті.

Іс-шара барысында Илияс Тұрнияз сөз сөйлеп, ұлттық өнерді насихаттап жүрген өнер майталмандарына аудан тұрғындары атынан алғыс білдірді. Сонымен қатар, Алтынбек Қоразбаевқа қазақы дәстүрмен шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Кеш соңында орындалған әсерлі әндер көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, рухани шара ерекше көңіл күймен қорытындыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында қызғалдақ жұлған әйелге 12 миллион теңгеге айыппұл салынуы мүмкін

berdaly_oraz

Түркістан облысында ағын суға деген қажеттілік жыл сайын артып келеді

Жүргізуші куәлігін алуды қатаңдатып,автомектептерді бақылауға алу керек- сенатор Марат Қожаев

berdaly_oraz