ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Қазығұрт ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының аяқталуына арналған дәстүрлі «Білімім – Отаныма!» ұранымен салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздардың бір жылдық еңбегі қорытындыланды.

Аудан әкімі Азизхан Исмаилов Қарақозы Әбдалиев ауылдық округіне қарасты «Еңбекші» жалпы білім беретін мектебінде өткен соңғы қоңырау салтанатына арнайы қатысып, ұстаздарға алғыс айтып, мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тіледі. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында жоғары жетістіктерге жеткен ұстаздар мен оқушыларды алғыс хаттармен марапаттады.

– Сіздер өмірлеріңіздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрсыздар. Қай саланы таңдасаңыздар да, адал болыңыздар, елімізге, туған жерімізге аянбай еңбек етіңіздер. Білім – болашақтың кілті. Сондықтан алған білімдеріңізді биік мақсаттарға жету жолында тиімді пайдалана біліңіздер. Ұстаздарыңызды ұмытпай, олардың үмітін ақтаңыздар. Болашақтарыңыз жарқын болсын, – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ аудан әкімі мектеп жанынан ашылған шахмат, робототехника және ғылыми бағыттағы үйірмелердің жұмысымен танысып, оқушылардың жетістіктеріне жоғары баға берді.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданы бойынша 79 мектепте 32 141 оқушы білім алуда. Оның ішінде 71 мемлекеттік мектепте – 31 283 оқушы, 5 жекеменшік мектепте – 858 оқушы, ал 2 дарынды балаларға арналған мектеп пен №11 санаторий типтес мектепте – 400 оқушы білім алады.

Биылғы оқу жылында 9-сыныпты – 2680 оқушы, ал 11-сыныпты – 2003 түлек тәмамдағалы отыр. Сонымен қатар, “Алтын белгіге” үміткер – 105 оқушы, үздік аттестатқа үміткер – 161 оқушы. Бұл – ұстаздардың қажырлы еңбегі мен сапалы білім беру жүйесінің нақты нәтижесі.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚЫ ҮЛГІДЕГІ КИІЗ ҮЙЛЕРМЕН КӨМЕКЕРІЛГЕН ҚОНАҚҮЙ САЛЫНАДЫ

berdaly_oraz

Түркістанда 348 отбасы жаңа баспаналы болды

berdaly_oraz

 БАӘ — ӘУЕ ҚАТЫНАСЫН ТОЛЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ