ШҚО орталығында жеңіл көлік велосипедшілер тобына соқтығысты

Шығыс Қазақстан облысының орталығында велосипедпен келе жатқан жасөспірімдер тобы жол-көлік оқиғасына тап болды.

Оқиға 27 мамыр күні таңғы сағат 09:30 шамасында Ертіс өзені арқылы өтетін орталық көпірде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, «Toyota Avensis» маркалы автокөлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтамай, жол жиегімен қозғалып бара жатқан велосипедшілер тобына соқтығысқан.

Апат салдарынан 6 кәмелетке толмаған жасөспірім медициналық көмекке жүгінген. Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы нақтылануда.

Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, процессуалдық шешім қабылданатыны хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар

Шардарада шіркейге қарсы залалсыздандыру шаралары күшейтілді

berdaly_oraz

ЖӘРДЕМАҚЫ АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ: ЕНДІ МҰҚТАЖДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ЕСКЕРІЛЕДІ

Redaktor Arysinfo

Шымкентте Нұржан Қосмамбет атындағы бокс академиясы ашылды