Ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге құрмет көрсетілді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қалалық Ардагерлер үйінде ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Олардың таланты мен белсенділігі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Мерекелік кеште қаланың жомарт кәсіпкерлері де қайырымдылық танытып, ерекше күтімді қажет ететін балаларға сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар бүлдіршіндерге тәттілер мен балмұздақтар үлестіріліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Шара соңында ата-аналар ұйымдастырушылар мен демеушілерге алғыстарын білдіріп, балаларға көрсетілген қамқорлық пен қолдау үшін ризашылықтарын жеткізді.

Бала – әр отбасының бақыты, елдің ертеңі мен жарқын болашағы. Сондықтан өскелең ұрпақтың жүзінен күлкі кетпей, олардың армандары асқақтай беруі – баршамыздың ортақ тілегіміз.

Ұқсас жаңалықтар

Мексика құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Redaktor Arysinfo

Түркістанда халықаралық қазақ әндері фестивалінің жеңімпазы анықталды

МАҚТААРАЛДА ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ІСТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ЖӘНЕ СОТҚА ДЕЙІНГІ ТАТУЛАСУ РӘСІМДЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Redaktor Arysinfo