154 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

дереккөз фото Қызылорда облысы прокуратурасының сайты

Қызылорда қаласында 32 жастағы азамат интернет-алаяқтық жасағаны үшін сот үкімімен 3 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына тартылды. Ол қазіргі уақытта пробациялық бақылауда.

Тергеу деректеріне сәйкес, айыпталушы 2024 жылы алдын ала келісілген тұлғалармен бірге әлеуметтік желіде жалған парақша ашқан. Ол Instagram платформасында «Dake.87089241173» атауымен аккаунт жүргізіп, өзін қаржыны еселеп қайтара алатын адам ретінде таныстырған.

Алаяқтар жәбірленушілерді сендіріп, олардың қаражатын «1XBETKZ» букмекерлік кеңсесі мен «Wooppay Wallet» төлем жүйесі арқылы иемденіп отырған.

Нәтижесінде еліміздің түрлі өңірлерінен 154 азамат зардап шегіп, жалпы шығын көлемі шамамен 12 миллион теңгеге жуықтаған.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды өтеген. Осыған байланысты сот оған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбеде әкімнің қызғалдақпен түскен суреті жұртшылықтың ашуына тиді

berdaly_oraz

Түркиялық ORZAX компаниясы Қазақстаньа өндірісін кеңейту үшін Түркістанды таңдады

«ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

berdaly_oraz