Әскерге шақыру қатаң бақылауда: мыңдаған жас сапқа қосылды

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша еліміздегі Қарулы Күштер мен басқа да әскери құрылымдарды сарбаздармен жасақтау жоспары толық жүзеге асқан.

Жаңадан шақырылған сарбаздардың басым бөлігі әскери ант қабылдап, өз бөлімдерінде қызметін бастап кетті.

Қазіргі таңда өңірлерде шақыру комиссиялары жұмысын жалғастырып жатыр. Негізгі назар Ұлттық ұлан бөлімшелерін толықтыруға бағытталған. Биыл бұл құрылымға 7 мыңнан астам жас азамат шақырылмақ.

Шақыру хабарламалары SMS және eGov арқылы жіберіледі. Ресми ескерту ретінде қарастырылады. Дәлелсіз келмеу әкімшілік жауапкершілікке, ал әскерден жалтару қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қытайлық инвестор Түркістан облысында зауыт ашады

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Redaktor Arysinfo

Арыста өнерліні өрістеткен дәстүрлі облыстық «БАЛДӘУРЕН – 2025» атты жас әншілер байқауы өтті