Астанада көшеге қоқыс тастағандар 446 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген

Астанада қоғамдық орындарды ластағаны үшін 13 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Медет Жалпыбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы (қоғамдық орындарды ластау) бойынша 13 276 құқық бұзушы анықталып, оларға жалпы сомасы 446 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Сондай-ақ ӘҚБтК-нің 505-бабы (қаланы абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша 31 952 құқық бұзушы анықталып, шамамен 53,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ал ӘҚБтК-нің 344-бабы (көлік құралын пайдалана отырып, стихиялық қоқыс үйінділерін жасау) бойынша 43 құқық бұзушыға шамамен 11 миллион теңге айыппұл салынған.

 

Ұқсас жаңалықтар

САЙРАМДА ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

berdaly_oraz

Шерзат Полат ісі: Марқұмның әжесі сотталушылардың бірін кешірді

berdaly_oraz

ОРДАБАСЫ: ТЕМІРЛАНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

berdaly_oraz