Зейнетақыдағы «артық ақша» кімдерге бұйырады? Жаңа шек 10 күн ішінде жарияланады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану үшін қажет болатын жаңа жеткіліктілік шегінің нақты мөлшері алдағы 10 күн ішінде жарияланатынын мәлімдеді. Бұл туралы министр Асқарбек Ертаев Үкіметтегі брифингте айтты.

Министрдің сөзінше, ведомство тек жеткіліктілік шегін есептеу формуласына өзгеріс енгізген. Ал азаматтардың жас ерекшелігіне қарай нақты қандай сома белгіленетінін есептеу және жариялау міндеті жүктелген ұйым – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.

Жаңа әдістеме бойынша жеткіліктілік шегі азаматтың жасы, зейнетке дейінгі еңбек өтілі, өмір сүру ұзақтығының болжамы, болашақ жарналар көлемі және инвестициялық табыс ескеріле отырып есептеледі. Соның нәтижесінде зейнетақы шотындағы «қолсұғылмайтын» сома қайта қаралады.

Егер жеткіліктілік шегі өссе, тұрғын үй сатып алу немесе емделу мақсатында зейнетақы қорынан шешіп алуға болатын қаражат көлемі азаюы мүмкін. Үкімет мұны азаматтардың болашақтағы зейнетақы төлемдерін қорғау мақсатында енгізіп отыр.

Осылайша, зейнетақыдағы «артық ақшаның» нақты кімдерге және қанша мөлшерде қолжетімді болатыны маусым айының алғашқы онкүндігінде белгілі болады

Ұқсас жаңалықтар

Мұнайға сұраныс баяуласа да, болжам өзгермей тұр

Redaktor Arysinfo

Енді жолаушылар пойыздың нақты қай жерде екенін және оның келу, кету уақыттарын онлайн бақылауға мүмкіндік алады

berdaly_oraz

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсынымдар

Redaktor Arysinfo