Енді несие алу бұрынғыдай оңай болмайды. 1 шілдеден бастап Қазақстандағы банктер мен қаржы ұйымдары қарыз беру талаптарын күшейтеді. Бұл туралы қаржы сарапшысы Айбар Олжай мәлімдеді.
Qaz365.kz редакциясы сарапшымен сұхбаттасып, алдағы өзгерістерге қатысты пікірін білді.
Сарапшының айтуынша, жаңа талаптар ең алдымен қарыз жүктемесін есептеу коэффициентіне (DTI) және азаматтың табысына шаққандағы қарыз үлесіне қатысты ережелерді қамтиды. Бұл нормалар несие алушылардың төлем қабілетін нақтырақ бағалауға бағытталған.
Айбар Олжайдың пікірінше, бұл өзгерістер тек бастамасы ғана. Алдағы уақытта, әсіресе жыл соңына қарай немесе келесі жылдың басында, несие беру талаптары одан әрі қатаңдауы мүмкін. Сол кезде қарыздың табысқа шаққандағы арақатынасына қатысты толыққанды шектеулер енгізілуі ықтимал.
Сарапшының бағалауынша, мұндай қадамдар қаржы нарығындағы тәуекелдерді азайтуға және халықтың шамадан тыс қарыздануын тежеуге бағытталған.
