Желі шулаған той: Мұхтар Жәкішев қызының шетелдік күйеуіне қатысты пікір білдірді

дереккөз фото: байрақ

Белгілі кәсіпкер Мұхтар Жәкішев қызы Алтынайдың үйлену тойынан кейін алғаш рет отбасы туралы ашық пікір білдірді. Оның айтуынша, қызының таңдауы болған Карл Оби екеуі алты жылдан бері бір-бірін жақсы таниды және араларындағы сезім шынайы.

Жәкішев күйеу баласының ұлтына емес, адамгершілік қасиетіне мән беретінін айтып, «қызымды шын сүйетініне сенімдімін» деген мазмұнда пікір білдірген. Сондай-ақ ол адамның қадірі ұлтымен емес, ары мен намысымен өлшенетінін атап өтті.

Айта кетейік, Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынайдың некесі соңғы күндері әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Алтынайдың таңдауы – Лондонда тұратын инвестициялық менеджер Карл Оби. Жұптың некесі Ұлыбританияда тіркеліп, кейін Алматыда тойланған.

Бұл мәселеге қатысты қоғам пікірі екіге бөлінгенімен, Жәкішев қызының бақыты бәрінен маңызды екенін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қылмыс азайды, іздеудегі 574 қылмыскер қолға түсті

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды

berdaly_oraz

ДОСТЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ – ҮЛКЕН БАЙЛЫҚ! 

Альфия Адамбек