Арзан жолдамаға алданғандар: Алматыда туристік агенттік басшылары қамауға алынды

Алматыда Вьетнам мен Мальдив аралдарына арзан жолдама ұсынған туристік агенттіктің басшылары қамауға алынды. Қазірдің өзінде 30 адам полицияға арыз жазып, өздерін алаяқтық құрбаны болғанын мәлімдеген.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер шетелге тиімді бағамен демалыс ұйымдастыруға уәде берген. Алайда клиенттер ақшасын төлегенімен, жолдама да, сапар да болмаған. Нәтижесінде ондаған азамат қаржылай шығынға ұшыраған.

Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша бірнеше рет жасалған алаяқтық бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда күдіктілердің басқа да жәбірленушілерге қатысы бар-жоғы анықталуда.

Мамандар азаматтарды туристік қызметтерді сатып алар алдында компанияның құжаттарын, лицензиясын және беделін мұқият тексеруге шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Уақытша депутаттық комиссия «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысымен танысты

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында жылыту маусымы тұрақты әрі апатсыз аяқталды

Redaktor Arysinfo

Түркістан темір жол вокзалы сатылымға қойылды

berdaly_oraz