Талдықорғанда жұмбақ жағдай: көпқабатты үйден құлаған сәбидің ата-анасы табылмай жатыр

дереккөз фото: Aikyn.kz.  

Талдықорғанда көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен шамамен 1 жасар сәби құлап, ауыр жағдай жұртшылықты алаңдатты. Ең сорақысы – баланың қай пәтерден құлағаны әзірге анықталмай, ата-анасы да табылмай отыр.

Оқиға орнына жедел жеткен мамандар сәбиге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізген. Қазіргі уақытта оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Құқық қорғау органдары баланың қай қабаттан және қай пәтерден құлағанын анықтау жұмыстарын жүргізуде. Үй тұрғындарынан жауап алынып, бейнебақылау камераларының жазбалары тексеріліп жатыр.

Аталған оқиға қоғамда балалар қауіпсіздігі мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды. Тергеу нәтижесі бойынша оқиғаның барлық мән-жайы белгілі болады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Келес ауданындағы каналдар күрделі жөндеуден өтеді

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫП, 114 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ЖЫЛҒАДА ӨНЕРЛІ ЖАСТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ КЕШІ ӨТТІ

berdaly_oraz