Қаңтардан қалған қарулар табылды: бес айда 1 200-ден астам қару тәркіленді

дереккөз фото: Aikyn.kz.

Қазақстанда құқық қорғау органдары жыл басынан бері заңсыз айналымнан 1 200-ден астам қару-жарақты тәркіледі. Олардың арасында Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалып кеткен қарулар да бар.

Ведомство мәліметінше, тәркіленген қарулардың бір бөлігі қылмыстық топтардың қолында болған. Арнайы операциялар барысында автоматтар, тапаншалар, аңшылық қарулар мен оқ-дәрілер анықталған.

Құзырлы органдар заңсыз қару айналымына қарсы жұмыстарды күшейтіп, іздестіру шараларын жалғастырып жатыр. Мамандардың айтуынша, Қаңтар оқиғасынан кейін жоғалған қаруларды қайтару қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды міндеттердің бірі болып қала береді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда өңіраралық AI Хакатонның жеңімпаздары анықталды

berdaly_oraz

Семейде оқушыны қорлаған жасөспірімдердің әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылды

berdaly_oraz

Мектеп емтихандарының мерзімі Құрбан айт мерекесіне байланысты өзгеруі мүмкін

berdaly_oraz