Бұлтқа да талас туды: Қазақстанның жасанды жаңбыр жобасы Орталық Азияны алаңдатты»

дереккөз фото: inbusiness.kz

Қазақстанның жасанды жауын-шашын шақыру технологиясын сынақтан өткізуі аймақта пікірталас туғызды. Жоба құрғақшылықпен күреске бағытталғанымен, оның трансшекаралық экожүйеге әсері туралы сұрақтар күшейіп отыр.

Көршілес Қырғызстан өкілдері атмосфералық ылғалдың жасанды өзгеруі таулы аймақтардағы мұздықтарға және су балансына ықпал етуі мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдірді.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым да мұндай жобаларды бастамас бұрын көрші елдермен алдын ала кеңесу қажет екенін ескерткен.

Құқықтық тұрғыда бұл салада нақты халықаралық реттеу жоқ, сондықтан Қазақстанның әрекеті заң бұзушылық саналмайды. Алайда мәселенің өзегі – заң емес, экологиялық салдар мен аймақтық сенім.

Ұқсас жаңалықтар

Он жылдан кейінгі үміт: Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай елге орала ма?

berdaly_oraz

Арыста әскери қызметшілер арасында спорттық сайыс өтті

ТҮРКІСТАНДА «КӨРІСУ КҮНІ- АМАЛ МЕРЕКЕСІНЕ» ОРАЙ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТТІ

berdaly_oraz