Президенттік орталықта халықаралық сарапшылар бас қосты

Астанадағы Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы алаңында Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылғанының 25 жылдығына арналған сарапшылық кездесу өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар ШЫҰ қызметінің ширек ғасырдағы негізгі нәтижелерін саралап, қазіргі геосаяси және экономикалық сын-қатерлерді талқылады. Сонымен қатар ұйымның географиясы кеңейіп, ынтымақтастық бағыттары артып отырған кезеңдегі даму перспективалары сөз болды.

Сарапшылар ШЫҰ-ның өңірлік қауіпсіздік, экономикалық әріптестік және халықаралық диалогты дамытудағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

«TURAN DANCE»: ТҮРКІСТАНДА ӨНЕР ДОДАСЫ ӨТУДЕ

Сайлаудың сапасы – комиссия біліктілігінде: Ордабасыда ауқымды оқу-семинар өтті

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

berdaly_oraz