13 жастағы қыз ана атанды: Күдіктілер әлі бостандықта ма?

дереккөз фото: inbusiness.kz

Жамбыл облысында қоғамды алаңдатқан ауыр оқиға тіркелді. Ақыл-есінде кемістігі бар жасөспірім қыз кесарь тілігі арқылы босанды. Дәрігерлердің мәліметінше, ана мен нәрестенің жағдайы қалыпты. Алайда қыздың өзі ана атанғанын толық түсінбейді.

Жеткіншектің туыстары қызды бірнеше адамның зорлағанын айтып, күдіктілердің әлі күнге дейін бостандықта жүргеніне наразылық білдіруде. Олардың сөзінше, оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс бір жылдан бері сотқа жетпеген.

Бұл жағдай қоғамда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі, ерекше күтімді қажет ететін балаларды қорғау және құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігі туралы сұрақтарды қайта көтерді.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. Ресми тергеу нәтижесі жарияланған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Аудан, қала басшылары Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысымен танысты

Зеленский Украинаның пайдалы қазбаларынан 50 пайызын АҚШ-қа беруден бас тартты

berdaly_oraz

Алгоритм действий

Redaktor Arysinfo