AMANAT атауы тарих қойнауына кете ме? Партия ғимараттарында «Әділет» жазуы пайда болды

дереккөз фото: adyrna.kz

Елордадағы AMANAT партиясының Орталық аппараты орналасқан ғимаратта атау өзгертіліп, қасбетке «Әділет» деген жаңа маңдайша орнатылды. Мұндай жаңарту жұмыстары қазір Қазақстанның барлық өңірлеріндегі партия филиалдарында да жүргізілуде.

Партия кеңселеріндегі ескі атаулар алынып, олардың орнына жаңа брендтің атауы орналастырылып жатыр. Бұл бірігу үдерісінің іс жүзінде басталғанын және саяси ұйымның жаңа атаумен жұмыс істеуге көшкенін көрсетеді.

Бұған дейін «Әділет» партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы екі партияның бірігуін толық заңдық тұрғыда рәсімдеу бірнеше айға созылуы мүмкін екенін айтқан болатын. Оның сөзінше, барлық құжаттық процедураларды аяқтау шамамен алты ай уақыт алуы ықтимал.

Соған қарамастан, өңірлердегі маңдайшалардың жаппай ауыстырылуы жаңа саяси күштің бірыңғай атаумен қалыптасу кезеңі басталғанын аңғартады.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

berdaly_oraz

Арыс қаласында №17 колледжде «Заң және тәртіп» атты құқықтық кездесу өтті

berdaly_oraz

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В РАМКАХ ПРОЕКТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ПРОВЕДЕНЫ РАБОТЫ ПО ОЗЕЛЕНЕНИЮ

Redaktor Arysinfo