Әлеуметтік желідегі боқтық сөз үшін 86 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

дереккөз фото:Aikyn.kz

Қазақстанда әлеуметтік желілер мен басқа да онлайн-платформаларда балағат сөз қолданған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Тиісті өзгерістер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілмек. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Үкімет әзірлеген заң жобасына сәйкес, интернет кеңістігіндегі былапыт сөздер мен қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер де «ұсақ бұзақылық» ретінде қарастырылуы мүмкін. Егер түзетулер қабылданса, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және басқа онлайн алаңдарда балағат сөз қолданғандарға әкімшілік жаза қолдану көзделеді.

Қолданыстағы нормалар бойынша мұндай құқық бұзушылық үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған. 2026 жылғы есеппен бұл шамамен 86 мың теңге айыппұлға тең.

Бастама авторларының айтуынша, өзгерістердің мақсаты – интернеттегі мәдениетті арттыру, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау және цифрлық кеңістіктегі құқықтық тәртіпті күшейту. Қазіргі уақытта заң жобасы талқылау кезеңінде

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас ауылдық округінің әкімі болып Ербол Ахметов қайта сайланды

berdaly_oraz

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды  

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ТАРИХТА ІЗІ ҚАЛҒАН АНАЛАРДЫҢ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

berdaly_oraz