Құтқарушылар тағы бір адамның өмірін сақтап қалды

дереекөз фото:Aikyn.kz

Алматы облысында екі күн бұрын жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды. Құтқарушылардың мәліметінше, онымен байланыс үзілгеннен кейін іздестіру жұмыстары дереу басталған.

Іздеу-құтқару операциясы барысында ер адам Көксай таулы аймағынан табылған. Мамандар оны қауіпсіз жерге жеткізіп, қажетті көмек көрсеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Төтенше жағдайлар қызметі тауға шығатын азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жақындарына бағыттарын хабарлап отыруға және байланыс құралдарын толық қуаттап алуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте аспалы арқанжол салынбақ

Альфия Адамбек

Түркістан: Шардарадағы жағажай ретке келтіріліп, саяхатшыларға сапалы қызмет көрсетілуде

Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы челлендж өтті