Алматы зообағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді

дереккөз фото: Түркестан обл әкімдігі

Алматы хайуанаттар бағы ерекше әрі сирек кездесетін жаңа тұрғындармен толықты. Халықаралық жануарлар алмасу бағдарламасы аясында АҚШ-тан канадалық сілеусіндердің жұбы жеткізілді. Жануарлар Алматыға сәуір айында әкелініп, міндетті карантиндік бақылаудан өткеннен кейін келушілер назарына ұсынылды.

Еркек сілеусіннің жасы – 3-те, ал ұрғашысы – 7 жаста. Олар зообақтағы «леопардтар шеңбері» аумағындағы арнайы вольерлерге орналастырылған. Мамандар жануарларға кең кеңістік, салқындатқыш құрылғылар мен жасырынатын орындар қарастырғанын айтады.

Канадалық сілеусін – Солтүстік Американың суық аймақтарын мекендейтін жыртқыш аң. Ол қалың жүнімен, жалпақ табандарымен және құлағындағы ұзын шашақтарымен ерекшеленеді. Мұндай ерекшеліктер қарлы ортада еркін қозғалып, олжасын үнсіз аңдуына мүмкіндік береді.

Зообақ мамандары жаңа жұптың жерсініп, болашақта төл беруінен үмітті. Бұл сирек кездесетін жыртқыш түрін сақтау мен көбейтуге қосылған маңызды үлес болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АУТИЗМ СПЕКТРІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА КӨМЕК ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

berdaly_oraz

Түркістан облысында жыл басынан бері 29 адам суға кеткен

Зейнетақы жинағын шешіп алу күрт өсті: халық жаңа шектеулерге дейін асықты

Redaktor Arysinfo